
Жазғы Азия ойындарында еркін күрестен Начын Куулар қола жүлдегер атанған еді. 65 келі салмақта белдескен ол дүбірлі бәсекеде үшінші орыннан көрінді. Бүгін Шымкент халықаралық әуежайында еркін күрес шеберін салтанатты күтіп алу іс-шарасы өтті.
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Жолдықараев спортшыны жүлдесімен құттықтап, Азия ойындарының медалі еркін күрес шеберлеріне зор серпін беретінін айтты. Қазіргі уақытта шаһарда еркін күрестен дарынды жастар өсіп келеді. Биыл жассөпірімдер арасында әлем чемпионатында Мардан Орынбасар қола жүлдеге ие болған еді.
XX Жазғы Азия ойындарында Шымкент қаласының балуандары 2 қола медаль еншіледі. Грек-рим күресінен Мейіржан Шермаханбет және еркін күрестен Начын Куулар жүлдегерлер қатарына ілікті.
Айта кетсек, Н.Куулар Азия ойындарында Тәжікстан өкіліне есе жібергенімен, жұбаныш белдесулерін сәтті өткізді. Қола жүлдеге таласта Солтүстік Корея балуанын 7:5 есебімен жеңді.
Іс-шарада балуанның өзі алда жаттығуды күшейтіп, келесі жауапты сындарға тыңғылықты дайындалатынын жеткізді.









