МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АШЫҚ МИКРОФОН» АЙДАРЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АШЫҚ МИКРОФОН» АЙДАРЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

    МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАР КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АШЫҚ МИКРОФОН» АЙДАРЫ АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ.

    Бүгін, жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстан Республикасындағы Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында Ескелді ауданындағы «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінде Департамент басшысы мен қызметкерлерінің ұйым өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу ашық әрі еркін пікір алмасу форматында өтті

    Іс-шараға Ескелді ауданындағы «Демеу» мүгедектер ҚБ басшысы А.Ұзақбаев, Департамент басшысы З.Илимжанова, халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Б.Орманов, МӘС әдіснамасы және бақылау бөлімінің бас маманы Е.Юн және зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Б.Акимбеков қатысты.

    Кездесу мүгедектігі бар адамдарды толғандыратын өзекті мәселелерді ашық талқылау, пікір алмасу және Департамент өкілдерінен қызықтырған мәселелер бойынша түсініктемелер алу мақсатында ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына (ИПР), оңалтудың техникалық құралдарын, атап айтқанда белсенді электрлі кресло-арбаларды алу тәртібіне, сондай-ақ оларды ұсыну шарттарына, әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігіне және қажетті көмекті алу тетіктеріне қатысты сұрақтар қойылды.

    Мүгедектігі бар адамдарға зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға, оларды рәсімдеу тәртібіне, қажетті құжаттарға және зейнетақы төлемдерін есептеу ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қаралды.

    Кездесу соңында Департамент басшысы З.Илимжанова Мүгедектігі бар адамдар күні қарсаңында Ескелді ауданындағы «Демеу» қоғамдық бірлестігінің қатысушыларына жаңа жетістіктер мен өз күштеріне деген сенім тіледі. Сондай-ақ әрбір адамға тең мүмкіндіктер жасаудың маңыздылығын атап өтіп, еңбек қызметінде табыс және даму үшін жаңа мүмкіндіктер тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары