Жамбыл облысында биыл вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Жамбыл облысында биыл вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

    Жамбыл облысында биыл вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Қоғамдық мүлікті бүлдіру, қабырғаларға заңсыз жазба жазу, ескерткіштер мен абаттандыру нысандарына зиян келтіру – жай ғана тәртіпсіздік емес, заңмен жауапкершілік көзделген әрекет.

    Жамбыл облысында жыл басынан бері вандализмге қатысты 82 құқық бұзушылықтың жолы кесілді.

    Мұндай фактілер бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады. Вандализм үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оның ішінде заң талаптарына сәйкес жауапкершілік 14 жастан басталады.

    Полиция қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырады.

    Таза әрі көрікті орта – баршаға ортақ. Оны сақтау – әрқайсымыздың жауапкершілігіміз.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары