Талдықорғанда ЖБО камералары арқылы қоғамдық орында ішімдік ішкен жастар анықталды

    Талдықорғанда ЖБО камералары арқылы қоғамдық орында ішімдік ішкен жастар анықталды

    Талдықорған қаласында полицияның жедел басқару орталығының камералары қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішіп отырған бір топ жасты анықтады.

    Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел түрде жетті. Құқық бұзушылық фактісі бойынша жастарға қатысты қоғамдық орында алкогольдік ішімдік ішкені үшін тиісті шаралар қабылданды.

    Қоғамдық орын – әрбір адам өзін еркін, тыныш әрі қауіпсіз сезінуге құқылы орта. Спирттік ішімдіктерді ішу, айналаға кедергі келтіретін және өрескел мінез-құлық таныту белгіленген тәртіпті бұзып қана қоймай, басқа азаматтарға да қолайсыздық тудырады.

    Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға, айналасындағыларды құрметтеуге және қоғамдық тәртіптің әрқайсымыздан басталатынын есте сақтауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары