Погондағы спортшы: Қарағанды облысы ПД қызметкері – Азия ойындарының күміс жүлдегері

    Погондағы спортшы: Қарағанды облысы ПД қызметкері – Азия ойындарының күміс жүлдегері

    Қызмет пен спортты қатар алып жүрген Қарағанды облысының полиция департаменті қызметкері Эльмира Сыздықова Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болды.

    76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер күресінен сынға түскен қарағандылық спортшы құрлықтың үздік балуандарымен тартысты белдесулер өткізіп, шеберлігі мен жоғары дайындығын, ең бастысы, жеңіске деген жігерін көрсетті.

    Жарыс қорытындысы бойынша Эльмира Сыздықова күміс медаль иеленіп, Қазақстан құрамасының қоржынына бағалы жүлде қосты.

    Бұл – спортшы үшін кезекті ірі жетістік қана емес, полициядағы қызметі мен жоғары деңгейдегі спортты қатар алып жүрген табанды жанның еңбегінің нәтижесі.

    – Полиция қызметі де, спорт та адамнан тәртіпті, төзімділікті және жауапкершілікті талап етеді. Әр белдесуге шыққанда елімнің намысын қорғау – мен үшін үлкен мәртебе, – дейді Эльмира Сыздықова.

    Қарағанды облысының полиция департаменті Эльмира Сыздықованы айтулы жетістігімен құттықтап, қызметте абырой, спортта жаңа жеңістер тілейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі" жаңалықтары