БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАП, НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ

    БӘЙДІБЕК: АУДАН ӘКІМІ БӨГЕН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАП, НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
    Аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков Бөген ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жұмыстармен танысты.
    Жұмыс сапары барысында округтегі мемлекеттік қызметшілер және мекеме басшыларымен кездесіп, елді мекендердегі атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Кездесуде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, абаттандыру, әлеуметтік мәселелер және тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескеру бағыттарына назар аударылды.
    Шалдар елді мекеніндегі орталық саябақтың қазіргі жағдайы қаралып, аумақтың тазалығы, абаттандырылуы және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мәселелері сараланды.
    Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, кәсіпкерлікті қолдау және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін атап өтті.
    Бұдан бөлек, аудан басшысы Шалдар ауылындағы жеке кәсіпкер Шалдарбеков Қожагелдінің кәсібімен танысты. Кәсіпкерлік нысанның жұмысы, өндірістік мүмкіндігі және алдағы жоспарлары туралы ақпарат берілді.
    Бәйдібек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары