
Алакөлде Ұстаздар күні атап өтілді
Бүгін Алакөл ауданында «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты Ұстаздар күніне арналған аудандық мерекелік салтанат өтті.
Шара барысында аудан әкімі Алмас Сапарғалиұлы Абдинов білім саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің, Жетісу облысы білім басқармасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын табыстады.
Сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша үздік білім беру ұжымдары марапатталып, ұстаздарға арналған концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ұстаз еңбегі – ұрпақ болашағына салынған ең маңызды инвестиция. Барша педагогтерге еңбектеріңізге табыс, шығармашылық шабыт және зор денсаулық тілейміз!









