Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

    2026 жылғы 30 қыркүйекте Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыста мынадай мәселелер қаралып, ұсынымдар әзірлегді:

    1.«Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру.

    Жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша 9 адам оқығаны, барлық 9 адам жұмысқа орналастырылғаны, олардың біреуі пробация қызметінің есебінде тұрғаны атап өтілді.

    Электрондық еңбек биржасында 148 адам онлайн-оқытудан өтіп, сертификаттар алды.

    Мансап орталығы жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтармен ғана емес, сонымен қатар халықпен және жұмыс берушілермен әңгімелесу үшін ауылдық округтерге баруды қосымша жүзеге асырады.

    Жұмыссыздар, кәсіпкерлер, халық арасында жұмысты жалғастыру ұсынылды.

    2. Жобаларды әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асыру сапасытуралы.

    Қарау барысында 2026 жылы Федоров ауданында 14 жоба іске асырылып жатқаны атап өтілді. Жобалардың жалпы құны 24 473,0 мың теңгені құрайды, конкурстық рәсімдердің қорытындысы бойынша жалпы сомасы 22 596,6 мың теңгеге шарттар жасалды.

    Қоғамдық маңызы бар 7 жобаны ішкі саясат бөлімі іске асырады.

    «Жайдарман» жобасы бойынша іс-шаралар толық көлемде өткізілмеге, өнім берушінің міндеттемелері тиісінше орындалмады, мерзімі 15 қазанға дейін ұзартылды.

    Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жобасы аяқталуға тақалды.

    Дене шынықтыру және спорт бөлімінің жобасы орындалып жатыр.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жобасы толық көлемде орындалмады, шартты бұзу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Биылғы жылы жекелеген өнім берушілер тарапынан анықталған кемшіліктерді ескере отырып шешім қабылданды:

    Ішкі саясат бөлімі түсіндіру және оқыту жұмыстарын күшейтсін, осы мақсатта ҮЕҰ облыстық ресурстық орталығының басшысы Д.К. Утебаеваның қатысуымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үшін семинар-тренинг өткізу жоспарлануда.

    3. Мемлекеттік қызметтегі ұзақ уақыттағы бос орындар және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы.

    Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің штат саны – 117 бірлік, іс жүзінде – 104 бірлік, бос жұмыс орындары – 13.

    2026 жылы 134 конкурс жарияланды, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке 9 адам қабылданды.

    Мемлекеттік қызметке іріктеу жүйесіндегі негізгі проблемалардың бірі прокторинг жүйесі болып табылады.

    Айта кету керек, Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі жоғары оқу орындарының 100-ден астам түлектерін бос лауазымдарға тартуға шақырды.

    Тоқсан сайын бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі, оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметке 3 адам қабылданды.

    Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

    4. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша мониторинг қорытындылары.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қоғамдық ұйымдармен (Қоғамдық кеңес, «Әділет» партиясы және т.б.) бірлесіп, үнемі мониторинг жүргізіп отыратыны, бірақ бағдарлама ішінара орындалатыны атап өтілді. Мониторинг қорытындылары, талаптар, ұсыныстар басшыларға жеткізіледі.

    Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.А. Умертаевқа барлық ұйымдардың басшыларына, кәсіпкерлерге объектілерді бейімдеу бойынша хаттар дайындауды тапсыру жөнінде шешім қабылданды.

    Федоров ауданы

    Қоғамдық кеңесінің төрайымы С. Баймурзина

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары