Федоров аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты

    Бүгін Федоров аудандық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті. Отырыс бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілді.

    Сессия жұмысына Федоров ауданының әкімі Т.К. Исабаев, Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының Федоров ауданындағы филиалының директоры Л.Н. Костенко қатысты.

    Сессияда 2 мәселе қаралды: «Федоров ауданы бойынша 2027 жылы оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» және «Мәслихаттың 2020 жылғы 27 қаңтардағы № 406 «Федоров ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

    Бірінші мәселе шеңберінде депутаттар Федоров ауданы бойынша оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығы мөлшерлемесінің мөлшерін 2027 жылы есепті салықтық кезеңде салық салу объектісіне 4 пайыздан 3 пайызға төмендету шешімін қабылдады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары