Федоров аудандық мәслихатының аппараты

    "Мәслихат туралы"

    Мәслихат Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес әрекет ететін жергілікті өкілді орган болып табылады, аудан халқының еркін білдіреді.

    Федоров аудандық мәслихатының құрамында 11 депутат бар. Аудандық мәслихаттың төрағасын қоспағанда, мәслихат депутаттары өз функцияларын басқа жұмыстан босатылмаған негізде орындайды. Мәслихаттың заңды тұлға құқығы болмайды. Мәслихат өз құзыреті шегінде жоспарларды, ауданның экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламаларын бекітеді, ауданның және ауылдық округтердің бюджетін бекітеді, оның орындалуын бақылайды, атқарушы органдар басшыларының есептерін және т. б. қарайды.

    Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы жүзеге асырады. Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау тәртібі және басқа да ұйымдастырушылық және рәсімдік мәселелер мәслихат регламентінде айқындалады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Наурыз мейрамы құтты болсын!

    Құрметті Федоров тұрғындары! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз мейрамы көктемгі жаңғырудың, махаббат салтанатының, молшылық пен достықтың жарқын көрінісі. Қымбатты жерлестер! Сіздерге зор денсаулық, бақыт, құт-береке мен бар жақсылықты тілеймін. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

    14 наурыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    8 наурыз

    Қымбатты әйелдер! Шын көңілден көктемдік мереке – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Әрдайым жүздеріңізден бақыт күлкісі кетпесін! Өмірлеріңізде тек жақсы өзгерістер болуын, зор денсаулық және көктемнің шуақты көңіл-күйін тілеймін! Барлық тілектеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

    8 наурыз 2026 ж.Тікелей
    Хаттама

    Федоров ауданы Қоғамдық кеңесі отырысының 2026 жылғы 30 қыркүйектегі хаттамасы

    Төрағалық етті –С.А. Баймурзина,ҚК төрайымы Қатысқандар:Н.А. Аслиева, М.Б. Ахметчин, А.А. Ворожеев, И.А. Бекмухамбетова, Е.А. Запорожану, Б.А. Умертаев, З.А. Шашкова Шақырылғандар: Р.Д. Баймурзин, Д.А. Бектыбаева, В.В. Кизима, Е.Г. Коваленко, А.Д. Куантаев, А.Т. Салпенова Күн тәртібі: 1. «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру. (ақпарат. А.Д. Куантаев) 2. Жобаларды әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асыру сапасы туралы. (ақпарат. И.А. Бекмухамбетова, Д.А. Бектыбаева, А.Т. Салпенова, Е.Г. Коваленко) 3. Мемлекеттік қызметтегі ұзақ уақыттағы бос орындар және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы. (ақпарат. В.В. Кизима) 4. Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша мониторинг қорытындылары. (ақпарат. Р.Д. Баймурзин) Тыңдалды:А.Д. Куантаев– «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру (ақпарат қоса беріледі). Сөз сөйлеген:С.А. Баймурзина, Б.А. Умертаев, Н.А. Аслиева Шешім қабылданды: 1. А.Д. Куантаевтың ««Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ арқылы жұмысшы мамандықтарға курстық оқытуды ұйымдастыру» ақпараты мәліметке алынсын. 2. «Федоров ауданының Мансап орталығы» КММ-не халық, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары арасында жұмысшы кәсіптер кадрларын даярлау туралы түсіндіру жұмыстарын жалғастыру, жұмысқа орналастыру жөніндегі жәрмеңкелерге қатысу, еңбек ұжымдары қандай кадрларға мұқтаж екенін зерделеу, колледжбен бірлесіп жұмысшы мамандарды даярлау ұсынылсын. Тыңдалды:И.А. Бекмухамбетова– Жобаларды әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асыру сапасы туралы (ақпарат қоса беріледі). Сөз сөйлеген:Д.А. Бектыбаева, А.Т. Салпенова, Е.Г. Коваленко, С.А. Баймурзина, З.А. Шашкова Шешім қабылданды: 1. И.А. Бекмухамбетованың және білім, мәдениет, спорт бөлімдері басшыларының «Жобаларды әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс шеңберінде іске асыру сапасы туралы» ақпараттары мәліметке алынсын. 2. Білім бөлімінің басшысы Д.А. Бектыбаеваға жобаларды аяқтау ұсынылсын. 3. «Федоров ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-не: - жекелеген өнім берушілер тарапынан анықталған кемшіліктерді ескере отырып, түсіндіру және оқыту жұмыстарын күшейту; - әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері үшін семинар-тренинг өткізу ұсынылсын. Тыңдалды:В.В. Кизима – Мемлекеттік қызметтегі ұзақ уақыттағы бос орындар және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы (ақпарат қоса беріледі). Сөз сөйлеген:И.А. Бекмухамбетова, Е.А. Запорожану Шешім қабылданды: 1. В.В. Кизиманың «Мемлекеттік қызметтегі ұзақ уақыттағы бос орындар және ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру туралы» ақпараты мәліметке алынсын. 2. Федоров ауданы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне жоғары оқу орындарының түлектерімен байланыс орнату, бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу ұсынылсын. Тыңдалды:Р.Д. Баймурзин – Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша мониторинг қорытындылары (ақпарат қоса беріледі). Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді, кәсіпкерлік объектілерін бейімдеу бойынша мониторинг қорытындылары жеткізілді. Сөз сөйлеген:З.А. Шашкова, С.А. Баймурзина Шешім қабылданды: 1. Р.Д. Баймурзиннің «Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін әлеуметтік объектілерді бейімдеу жөніндегі бағдарламаны орындау бойынша мониторинг қорытындылары» ақпараты мәліметке алынсын. 2. Қоғамдық кеңес мүшесі Б.А. Умертаевқа кемшіліктері мен орындалу мерзімдерін көрсете отырып, ұйымдардың басшыларына, кәсіпкерлерге объектілерді бейімдеу бойынша хаттар дайындау ұсынылсын. 3. Бағдарламаға сәйкес объектілерді бейімдеу мәселесі 2026 жылғы 1 қарашаға дейін қаралсын. Федоров ауданы Қоғамдық кеңесінің төрайымыС. Баймурзина

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылдың IV-тоқсанында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ-де азаматтарды қабылдау КЕСТЕСІ

    Лауазымы Т.А.Ә. Қабылдау күні мен уақыты Мекенжайы Федоров аудандықмәслихатының төрағасы ИсенгазинБерик Ескендирович сәрсенбі,09.00-18.00 Федоровка ауылы,Красноармейская көш.53, каб.№27 Федоров аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Мурзахметова Жанна Сабиржановна сейсенбі,09.00-18.00 Федоровка ауылы,Красноармейская көш.53, каб.№28 Сенім телефоны: 8(71442) 21-8-05

    Жарияланды:
    Есеп

    2026 жылғы IІІ-тоқсанда «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі есебі

    2026 жылдың ІІІ-тоқсанында «Федоров аудандық мәслихатының аппараты» ММ "е-Өтініш" АЖ-не жеке тұлғалардан 4 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: мемлекеттік органда 2 өтініш қаралды, құзыреті бойынша басқа мемлекеттік органға қайта жіберілді – 2. Барлық өтініштер Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде белгіленген мерзімде қаралды.

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2026 жылғы 5 қазандағы № 279 "Мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 95 «Федоров ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын: № 797 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Қарақопа ауылы, Кобец көшесі, 4/1-үй, бастауыш мектепғимараты Жмурко Юлия Геннадьевна; Стась Татьяна Евгеньевна. № 800 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Успеновка ауылы, Атамекен көшесі, 1-үй, жалпы білім беретін мектеп ғимараты Бобрицкая Айгуль Серикбаевна; Нагашбай Кенжелхан; Наконечникова Юлия Юрьевна; Шакирова Заррина Нургалиевна. № 818 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Лесное ауылы, Г. Кравченко көшесі, 19-үй, клуб ғимараты Севальнёва Яна Ивановна. № 828 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Ленино ауылы, Пришкольная көшесі, 1-үй, жалпы білім беретін мектеп ғимараты Машко Анастасия Александровна. № 832 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Мирное ауылы, Школьная көшесі, 14-үй, негізгі орта мектеп ғимараты Исмагилова Роза Жайлаухановна; Кремер Иван Иванович; Кремер Лейла Бахмановна. № 841 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Жыланды ауылы, М. Оспанов көшесі, 14-үй, мектеп ғимараты Жолдыбаева Алия Баймановна. № 846 учаскелік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Федоровка ауылы, Фрунзе көшесі, 17-үй, Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимараты Капсултанова Салтанат Танатаровна. 2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

    Жарияланды:
    Шешім

    Мәслихаттың 2026 жылғы 5 қазандағы № 278 "Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 186 «Федоров аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес Федоров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 1. Округтік сайлау комиссияларының мүшелері болып сайлансын: № 2 округтік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Кеңарал ауылы, Гагарин көшесі, 11, мектеп ғимараты Александрович ЖанияМаратовна. № 5 округтік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Банновка ауылы, Гагарин көшесі, 10, мектеп ғимараты Бекбусинова Анара Сериковна. № 7 округтік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Лесное ауылы, Юбилейный көшесі, 13, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты Кожокару ТамараАлександровна. № 10 округтік сайлау комиссиясы бойынша Орналасқан жері: Федоровка ауылы, Красноармейский көшесі, 53, ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты Кривчикова Александра Андреевна. 2. Осы шешім қабылданған күннен бастап күшіне енеді. Федоров аудандық мәслихатының төрағасы Б. Исенгазин

    Жарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 18 қыркүйектегі № 81 қаулы

    Федоров ауылдық округіндегіәлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1.Федоров ауылдық округінің әкімі Б.А. Бакитжановтың «Федоров ауылдық округіндегі әлеуметтік саланың жағдайы және оны одан әрі дамыту перспективалары туралы» ақпараты назарға алынсын. 2.Федоров ауылдық округінің әкіміне ұсынылсын: -салықтарды толық және уақтылы жинауды, ауылдық округ бюджетін сапалы жоспарлауды және оның орындалуын қамтамасыз етсін; -ауылдық округ тұрғындарын мал шаруашылығын дамытуға, кәсіпкерлікті қолдауға, жұмыс орындарын құруға және т.б. бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға тарту бойынша жұмысты жүргізсін; -жергілікті қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп, округте туындайтын мәселелерді тұрақты бақылауда ұстап, оларды шешу жолдарын қарастырсын; -халықпен кездесулердің, жергілікті қоғамдастық жиындары мен жиналыстарының қорытындысы бойынша қабылданған шешімдердің уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етсін; -елді мекендерді абаттандыру, аумақтардың санитариялық жағдайы мен күтіп-ұсталуын бақылау, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою және қоғамдық аумақтарды күтіп-ұстау жұмыстарын жалғастырсын; -ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмысты жалғастырып, балаларға, жастарға, қарт азаматтарға және мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлсін. 3.Осы қаулының орындалуы туралы ақпарат 2027 жылғы1 маусымға дейін ұсынылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін. Әлеуметтік даму және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымыЕ. Запорожану

    Жарияланды: