Жылыту маусымы: қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

    Жылыту маусымы: қауіпсіздік ережелерін сақтайық!

    Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері «Қазақгаз» аймақтық қызметкерлерімен және Жамбыл электр желілері мамандарымен бірлесіп, тұрғындар арасында жылыту маусымындағы қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – улы газдан уланудың және өрттердің алдын алу, сондай-ақ тұрғындардың газ және электр құрылғыларын қауіпсіз пайдалану бойынша хабардарлығын арттыру. Мамандар тұрғындарға газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау, бөлмелерді тұрақты желдету, мұржалар мен желдету жүйелерінің жарамдылығын тексеру, сондай-ақ электр сымдары мен жабдықтарының жағдайына назар аудару қажеттігін түсіндірді. Құрметті тұрғындар! Газдың иісін сезсеңіз немесе өрт шығу қаупін байқасаңыз, дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыз!

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары