
Ұстаздар күніне орай Бескөл ауылдық округінде ұстаздарға арналған мерекелік кеш өтті.
Мерекелік шара барысында білім саласында еселі еңбек етіп жүрген ұстаздарға құрмет көрсетіліп, олардың жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектері атап өтілді.
Кеш барысында ұстаздарға жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
Ұстаз – ұрпаққа білім мен тәрбие беріп, ел болашағын қалыптастыратын ардақты маман. Барша ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!









