
№5 қалалық емханасының Байқау кеңесінің отырысы өтті
Жиын барысында Байқау кеңесінің жаңадан тағайындалған мүшелеріне кеңестің негізгі жұмыс бағыттары, құрамы мен қызметі, сондай-ақ кәсіпорынның атқарушы органының құрылымы және тиісті нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық құжаттар таныстырылды.
Сондай-ақ, бұған дейінгі Байқау кеңесінің отырысында қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы мәселе талданды.
Отырыстың күн тәртібінде кәсіпорын қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштері бойынша атқарушы органның есебі де қаралды. Кеңес мүшелері атқарылған жұмыстардың нәтижелерін, белгіленген көрсеткіштердің орындалуын және алдағы кезеңдегі басым бағыттарды талқылады.
Бұдан бөлек, кәсіпорынның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі туралы ереже қаралып, оның жұмысын ұйымдастыру тәртібі, негізгі міндеттері мен функциялары таныстырылды. Байқау кеңесінің мүшелері ұсынылған материалдарды талқылап, өз ұсыныстары мен ескертулерін білдірді.
Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша тиісті қорытынды шығарылды.






