Елордада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Елордада «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Астанада көші-қон заңнамасын сақтау, шетел азаматтарының ел аумағында болу тәртібін бақылау және заңсыз көші-қон фактілерінің алдын алу мақсатында «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері шетел азаматтарының Қазақстан Республикасында болу заңдылығын тексереді. Сонымен қатар шетелдіктерді уақытша орналастыру орындары, жалдамалы пәтерлер, құрылыс нысандары, базарлар мен басқа да объектілер тексеріледі.
    Полиция заң талаптарын бұзған тұлғаларды анықтап, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдайды.
    Құқық бұзушылықтардың алдын алу және көші-қон саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету – іс-шараның негізгі бағыттарының бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары