
Абай облысы бойынша ҚАЖ ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған затты алып өту әрекетінің алдын алды.
Жазасын өтеп жатқан 29 жастағы сотталған
Абай облысы бойынша ҚАЖ ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде тыйым салынған затты алып өту әрекетінің алдын алды.
Есірткі таратқаны үшін жазасын өтеп жатқан 29 жастағы сотталушы жұмыстан оралған кезде мекеме аумағына ұялы телефонды аяқ киіміне жасырып алып келуге тырысты. Алайда, тексеру барысында режимдік бөлімшенің қызметкерлері бұл бұзушылықты уақтылы анықтап, жолын кесті.
Сот отырысы барысында сотталушы ұялы телефонды түнгі уақытта жұбайымен сөйлесу үшін пайдаланғысы келетіндігін түсіндірді.
- Тыйым салынған заттарды алып жүру және сақтау әрекеті жазаны өтеудің белгіленген тәртібін өрескел бұзу болып табылады. Жасалған бұзушылық үшін сотталушыға мекеменің түрі өзгертіледі: ең төменгі қауіпсіздік мекемесінен ол жазаның қалған мерзіміне, 3 жыл 11 айға орташа қауіпсіздік мекемесіне ауыстырылады, — деп атап өтті режимдік бөлімшенің аға жедел уәкілі Дастан Ізгуттинов.









