Неврологиялық науқастарға қажетті оңалту құралдары диагнозына және қимыл-қозғалыс, сөйлеу, тепе-теңдік пен өзіне-өзі қызмет көрсету бұзылыстарына қарай таңдалады.

    Неврологиялық науқастарға қажетті оңалту құралдары диагнозына және қимыл-қозғалыс, сөйлеу, тепе-теңдік пен өзіне-өзі қызмет көрсету бұзылыстарына қарай таңдалады.

    Жүру және тепе-теңдік бұзылғанда – таяқ, балдақ, жүріс арбасы беріледі. Олар инсульттен кейінгі жағдайларда, Паркинсон ауруында және бұлшықет әлсіздігі диагноздарында беріледі.

    Жүру мүмкіндігі айқын төмендегенде – мүгедектер арбасы, электрлі және көпфункциялы арбалар тағайындалады. Гемипарезде тек серуендеуге арналған арба, парапарезде үйге және серуендеуге арналған арба тиесілі.

    Аяқ әлсіздігі мен салбырауында, сондай-ақ балалардың церебралды сал ауруында – аппараттар, туторлар, ортопедиялық аяқ киім, ұлтарақ және супинатор тағайындалады.

    Төсектен тұру және орын ауыстыру қиындағанда – жуынатын бөлме мен әжетханаға арналған тұтқалар және санитарлық жабдықталған кресло-орындық беріледі және тек бірінші топ мүгедектеріне арналады.

    Қолдың әлсіздігі мен саусақ қимылы бұзылғанда – арнайы қасық, шанышқы, киіну және жуынуға арналған құралдар ұсынылады.

    Омыртқа жарақаты, операциядан кейінгі жағдайлар мен ауыр қисаю кезінде – корсет немесе реклинатор қолданылады.

    Сонымен қатар, мұқтаж азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Олар үш түрде ұйымдастырылады:

    Үйде қызмет көрсету – адам өз үйінде қалады, әлеуметтік қызметкер үйіне барып көмек көрсетеді.

    Жартылай стационар – адам күндіз орталықта қызмет алып, кейін үйіне қайтады.

    Стационар – тұрақты күтімді қажет ететін адам орталықта тәулік бойы тұрып, әлеуметтік және медициналық-әлеуметтік қызмет алады.

    Яғни, оңалту құралдары мен қызмет түрі әр адамның диагнозына, қозғалыс мүмкіндігіне және күнделікті өмірдегі қажеттілігіне қарай жеке таңдалады.

    Толық мәлімет үшін, өзіңіздің жергілікті тұрған емханаңызға, учаскелік дәрігеріңізге, дәрігерлік комиссиялық консультацияға жүгінсеңіз болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Департаменті" жаңалықтары