Елордада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Елордада «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

    Астанада тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және отбасылық-тұрмыстық жанжалдарға жол бермеу мақсатында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
    Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тұрғын үй секторын аралап, профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын тексереді. Сондай-ақ қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар анықталып, оларға қажетті құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету мәселелері қаралады.
    Профилактикалық жұмыстарға учаскелік полиция инспекторларымен қатар мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де тартылады.
    Полиция қызметкерлері тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударады.
    Полиция азаматтарды жақындарының қауіпсіздігіне бейжай қарамай, тұрмыстық зорлық-зомбылық немесе өзге де құқық бұзушылық фактілері туралы полицияға дер кезінде хабарлауға шақырады.
    Қауіпсіз үй – қауіпсіз отбасының, ал қауіпсіз отбасы – қауіпсіз қоғамның негізі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Полиция департаменті" жаңалықтары