Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

    Қазақстан банк секторының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында екінші деңгейдегі 23 банк, оның ішінде 10 еншілес банк, сондай-ақ 100% мемлекет қатысатын 1 банк бар.

    Банк секторының активтері ағымдағы жылғы тамызда негізінен несие портфелінің 2,8%-ға 46,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы есебінен 0,1%-ға ұлғайып (2026 жылдың басынан бері 6,9%-ға өсті), 75,7 трлн теңгені құрады.

    Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 23,2 трлн теңгені немесе активтердің 30,6%-ын құрады, бұл банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

    Экономикаға екінші деңгейдегі банктер берген кредиттер портфелі 2026 жылғы тамызда бизнеске берілген кредиттердің өсуі есебінен 1,7% ға ұлғайып, 42,8 трлн теңгені құрады (2026 жылдың басынан бері 6,5%-ға өсті).

    Ұлттық валютадағы кредиттер 1,3%-ға 38,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасындағы кредиттер 4,5%-ға 4,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы 2026 жылғы 1 қыркүйекте 89,7%-ды құрап, 0,3 п.т.-ға азайды.

    Екінші деңгейдегі банктердің жаңа кредиттер беру көлемі 2026 жылғы тамызда 3,8 трлн теңгені құрады, бұл өткен жылғы тамыз айына қарағанда 9,6%-ға көп.

    Бизнес субъектілеріне кредиттер портфелі 2026 жылғы тамызда бизнес субъектілерінің барлық санаттары бойынша қарыздар портфельдерінің өсуі есебінен 2,3%-ға 16,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 5,9%-ға ұлғайды). ШОБ субъектілеріне қарыздар портфелі 2,6%-ға 7,9 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 15,9%-ға өсті), ірі бизнеске – 2,7%-ға 5,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 7,9%-ға азайды), дара кәсіпкерлерге – 1,1%-ға3,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 8,7%-ға өсті) ұлғайды.

    2026 жылғы тамызда көлік пен жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларды қоспағанда, экономиканың барлық негізгі салаларында қарыздар портфелінің өсуі байқалады (тиісінше 0,7%-ға және 1,8%-ға азайды). Өнеркәсіпте кредиттер портфелі 2,8%-ға 5 436 млрд теңгеге дейін, саудада – 2,2%-ға 4 205 млрд теңгеге дейін, ауыл шаруашылығында – 3,2%-ға 530 млрд теңгеге дейін, құрылыста – 5,4%-ға 948 млрд теңгеге дейін, байланыс және ақпарат саласында – 4,3%-ға 306 млрд теңгеге дейін, өзге де қызметтерде – 2,8%-ға 3 011 млрд теңгеге дейін ұлғайды.

    2026 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне 2,1 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл негізінен ШОБ субъектілеріне жаңа қарыздар беруді 47,3%-ға және ірі бизнеске жаңа қарыздар беруді 21,0%-ға ұлғайту нәтижесінде 2025 жылғы тамызбен салыстырғанда 26,2%-ға артық.

    Халыққа берілген кредиттер портфелі 2026 жылғы тамызда 1,2%-ға 26,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 6,9%-ға өсті), оның ішінде тұтынушылық қарыздар 1,2%-ға 17,6 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бері 5,9%-ға өсті), ипотекалық қарыздар – 1,6%-ға 7,8 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 11,5%-ға өсті).

    2026 жылғы тамызда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі негізінен ШОБ субъектілеріне берілген кредиттер бойынша мөлшерлеменің 19,7%-ға дейін 0,5 п.т.-ға азаюы есебінен 0,2 п.т.-ға 21,3%-ға дейін азайды. Халыққа ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі ипотекалық қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10,7%-ға дейін 0,3п.т.-ға ұлғаюы аясында 20,6%-ға дейін 0,3 п.т.-ға ұлғайды.

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша банк секторында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың деңгейі (NPL90+) 1,9 трлн теңгені құрап, 0,1 п.т.-ға 4,0%-ға дейін азайды. Халыққа берілген кредиттер портфеліндегі мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 2026 жылғы 1 қыркүйекте 4,6%-ды немесе 1,2 трлн теңгені құрады. Бизнес субъектілеріне берілген кредиттер портфеліндегі NPL90+ қарыздарының деңгейі өткен айдың деңгейінде сақталып, 3,9%-ды немесе 636 млрд теңгені құрады.

    90 күннен астам мерзімі өткен кредиттерді провизиялармен жабу деңгейі 60,3%-ды (01.08.2026ж. – 60,4%) құрады.

    Банк секторының міндеттемелері 2026 жылғы тамызда жеке тұлғалар салымдарының 0,4%-ға ұлғаюы есебінен 0,2%-ға 64,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2026 жылдың басынан бері 7,0%-ға өсті). Банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы негізгі үлесті - 79,2%-ды немесе 51,0 трлн теңгені құрайтын клиенттердің салымдары алады.

    Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2026 жылғы тамызда шетел валютадағы депозиттердің азаюы есебінен 1,5%-ға 50,2 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 4,5%-ға өсті).

    Заңды тұлғалардың депозиттері 3,9%-ға 21,6 трлн теңгеге дейін азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 0,1%-ға 28,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды.

    Ұлттық валютадағы депозиттер өткен аймен салыстырғанда 0,5%-ға 41,0 трлн теңгеге дейін азайды. Шетел валютасындағы депозиттер теңгенің АҚШ долларына қатысты 2,4%-ға нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде бір айда 5,6%-ға 9,2 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде 2026 жылғы 1 қыркүйекте долларлану деңгейі 18,3%-ға дейін азайды (2026 жылғы шілдеде – 19,1%).

    Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2026 жылғы тамызда 2026 жылғы шілдедегі 15,9%-дан 15,7%-ға дейін төмендеді, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 0,1 п.т.-ға азайып, 14,6%-ды құрады.

    2026 жылғы тамызда банктердің меншікті капиталы резервтік капитал мен қайта бағалау резервтерінің азаюы есебінен 0,7%-ға 11,3 трлн теңгеге дейін азайды (2026 жылдың басынан бері 6,8%-ға өсті). 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,5%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 20,2%-ды құрады, бұл белгіленгеннормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.

    2026 жылдың басынан бері банктердің таза пайдасы 1 610 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 13,6%-ға аз. Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 қыркүйекте 3,5%-ды (2026 жылғы 1 тамызда – 3,5%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 22,9%-ды (2026 жылғы 1 тамызда – 23,2%) құрады.

    Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары