Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

    Қазақстан сақтандыру секторының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жай-күйі туралы

    2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 25 сақтандыру ұйымы бар, оның 10-ы өмірді сақтандыру бойынша қызметті жүзеге асырады.

    2026 жылғы тамыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен бағалы қағаздарға инвестициялар көлемінің ұлғаюы есебінен 1,2%-ға 4,6 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 17,1%-ға өсу) ұлғайды.

    2026 жылғы 1 қыркүйекте активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 72,4% (3,3 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,2% (282,3 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешегіне – 4,9% (223,8 млрд теңге) тиесілі.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері 2026 жылғы тамызда негізінен сақтандыру резервтерінің 3,9%-ға өсуі нәтижесінде (2026 жылдың басынан бастап 25,8%-ға өсу) 1,4%-ға 3,4 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 23,1%-ға өсу) ұлғайды.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы 2026 жылғы тамызда 0,5%-ға 1,1 трлн теңгеге дейін (2026 жылдың басынан бастап 1,7%-ға өсу) ұлғайды. 2026 жылғы тамызда таза пайда/залал көрсеткіші 8 ай ішінде үшінші рет теріс аймақта болды. Сақтандыру секторының тамыз айындағы залалы 1,5 млрд теңгені құрады (2026 жылдың басынан бастап таза пайда – 87,5 млрд теңге).

    2026 жылдың басынан бастап жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 11,8 млн шартты құрады, бұл банктік қарыздармен байланысты сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру агенттері үшін комиссиялық сыйақыны сақтандыру сыйлықақысының 10%-ынан аспайтын деңгейде шектеудің енгізілуіне байланысты, жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша жасалған шарттар санының 77,5%-ға азаюы салдарынан өткен жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 31,7%-ға аз.

    Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары 2026 жылғы тамызда 192,7 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы тамызға қарағанда 31,7%-ға көп. Жыл басынан бастап сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 1 241,3 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 11,8%-ға көп.

    Міндетті сақтандыру бойынша 2026 жылғы тамызда 27,9 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, 2026 жылдың басынан бастап – 204,5 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 13,5%-ға артық. Өсу негізінен қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 11,8%-ға және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру бойынша сыйлықақылардың 17,8%-ға ұлғаюына байланысты болды.

    Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2026 жылғы тамызда 131,5 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 673,9 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 24,3%-ға көп. Өсу негізінен зейнетақы аннуитеттік сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар көлемінің 105,9%-ға ұлғаюына байланысты болды.

    Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылғы тамызда 33,3 млрд теңгені, 2026 жылдың басынан бастап – 362,9 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 6,4%-ға аз. Төмендеу негізінен өзге де қаржылық шығындардан сақтандыру сыныбы бойынша жиналған сыйлықақылардың 24,8%-ға азаюына байланысты.

    Сақтандыру төлемдері 2026 жылғы тамызда 51,5 млрд теңгені құрады, 2026 жылдың басынан бастап – 363,5 млрд теңге, бұл 2025 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 28,9%-ға артық.

    Сыртқы коммуникациялар басқармасы

    [email protected]

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі" жаңалықтары