Әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

    Әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

    Әдеп талаптарын сақтау – мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі

    Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз ету, құқықтық және әдептік сауаттылығын арттыру мақсатында Департамент қызметкерлері арасында түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Іс-шараны Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Мухатаева Ж. өткізді.

    Кездесу барысында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінде белгіленген қызметтік мінез-құлық стандарттары мен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптары түсіндірілді.

    Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін адал орындауы, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста әдептілік пен сыпайылық танытуы, әділдік пен объективтілік қағидаттарын сақтауының маңыздылығы атап өтілді.

    Сонымен қатар, қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу, мүдделер қақтығысына жол бермеу және қызметтік жағдайды жеке мақсатта пайдаланбау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында қатысушылар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар мен ұсынымдар алды.

    Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мәдениетін арттыруға, қызметтік әдеп қағидаттарын нығайтуға және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыруға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары