
Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының «Жамбыл облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында мемлекеттік еңбек инспекторымен жоспардан тыс тексеру барысы
Жоспардан тыс тексеру барысында еңбек заңнамасының талаптарының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі, еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуы қарастырылады.
Сонымен қатар, жұмыс берушінің еңбек заңнамасында белгіленген міндеттерді орындауы, жұмыскерлерге тиісті еңбек жағдайларын жасауы және өндірістік қауіпсіздік талаптарының сақталуына назар аударылады.
Тексеру нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.








