САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    САЛА АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Департамент басшысы Ғазиз Сағынұлы еңбек инспекциясы саласының дамуына үлес қосқан ардагерлер Тұрысов Әлімқұл Мәметәліұлы мен Туғанбаев Мұхаметқали Мәуленұлын арнайы құттықтады.

    Кездесу барысында ардагерлердің көп жылғы еңбегі, кәсіби тәжірибесі және еңбек инспекциясы саласының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі атап өтілді. Департамент басшысы ардагерлерге атқарған еңбектері үшін алғысын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және бақ-береке тіледі.

    Өз кезегінде ардагерлер көрсетілген құрметке ризашылықтарын білдіріп, Департамент ұжымына жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді.

    Мерекеге орай ардагерлердің отбасыларына да сый-сияпат көрсетіліп, құрмет білдірілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" жаңалықтары