
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» КММ-де жоспардан тыс тексеру жүргізілуде
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік еңбек инспекторы Н. Досмахановтың қатысуымен жоспардан тыс тексеру жүргізілуде.
Тексеру барысында мекемеде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарының сақталуы, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерінің қамтамасыз етілуі, еңбек қатынастарын рәсімдеу тәртібі және жұмыс берушінің еңбек заңнамасында белгіленген міндеттерді орындауы зерделенуде.
Атап айтқанда, қызметкерлермен еңбек шарттарының жасалуы және олардың талаптарының сақталуы, жұмысқа қабылдау және еңбек қатынастарын тоқтату рәсімдері, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының белгіленуі, еңбек демалыстарын беру тәртібі, еңбек ақысының уақытылы және толық төленуі, сондай-ақ қызметкерлерге тиісті әлеуметтік және еңбек кепілдіктерінің берілуі қарастырылуда.
Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының орындалуына, жұмыс орындарындағы қауіпсіз еңбек жағдайларының қамтамасыз етілуіне, қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқама жүргізілуіне және тиісті құжаттардың рәсімделуіне назар аударылуда.
Жоспардан тыс тексерудің негізгі мақсаты – жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарын сақтау деңгейін анықтау, қызметкерлердің еңбек құқықтарының бұзылуына жол бермеу, анықталған кемшіліктердің алдын алу және оларды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жоюды қамтамасыз ету.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған фактілерге құқықтық баға беріліп, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданатын болады.









