Департаментте үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл талқыланды

    Департаментте үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл талқыланды
    1 қазан күні Атырау облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Мейрамбекұлы Базаров мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.
    👮‍♂️ Кездесудің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, бірлескен жұмысты жүйелеу.
    ⚖️ «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдар да құқық бұзушылық профилактикасына қатысады.
    📌 Жыл басынан бері полиция қызметкерлері ҮЕҰ өкілдерімен бірлесіп тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, есірткі қылмыстарының, жастар мен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру бағытында 59 іс-шара өткізді.
    👮‍♂️ Бұл бағыттағы жұмыстарды полиция департаментінің бірқатар бөлімшелері тұрақты түрде жүргізіп келеді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары