
Қыркүйек айында бекітілген жоспарға сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасына қарасты Бәйтерек аудандық білім бөлімінің білім беру ұйымдарында педагогикалық әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша отырыс өткізілді.
Отырыс барысында педагогикалық әдеп мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің ««Сұлукөл» мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің жұмысы туралы есеп тыңдалды.
Сонымен қатар педагогикалық әдеп нормаларын бұзған педагогтерге қатысты мәселелер қаралды.
Отырыстың қорытындысы бойынша педагогикалық әдеп нормаларын бұзушылықтардың алдын алу және профилактикалық жұмысты күшейтуге назар аударылды.





