Абай облысының ұстаздары мемлекеттік марапаттарға ие болды

    Абай облысының ұстаздары мемлекеттік марапаттарға ие болды

    Ұстаздар күні мерекесінде Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында Абай облысының мұғалімі де бар.

    Ақсуат өңірінің білім саласында 36 жыл бойы үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ұлағатты ұстаз Айгүл Оспанова «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болды. Еңбек жолын 1989 жылы Ақсуат орта мектебінде бастаған мұғалім бүгінде Қожагелді батыр атындағы орта мектепте математика пәнінен сабақ беріп жүр.

    Сондай-ақ, бүгін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова
    Абай ауданындағы С.Бекбосынов атындағы орта мектепте 38 жыл математика пәнінің мұғалімі болып еңбек еткен ардагер ұстаз Үмітхан Шаянбайға «Еңбек ардагері» төсбелгісін және арнайы және инклюзивті білім беру саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Шынар Кәріпжановаға «Шапағат» медалін табыс етті.

    Айта кетейік, биыл тамыз айында білім беру саласындағы үздік жетістіктері үшін Мақаншы ауданының Жарбұлақ орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі Гүлмира Нұрпейісова Мемлекет басшысының қолынан
    «Ерен еңбегі үшін» медалін алған болатын.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының әкімдігі" жаңалықтары