Жасөспірімдерге төнетін интернет қауіптері ата-аналар жиналысында талқыланды

    Жасөспірімдерге төнетін интернет қауіптері ата-аналар жиналысында талқыланды

    Балалардың смартфонды шамадан тыс пайдалануы да қауіп факторларының бірі. Солтүстік Қазақстан облысында полиция қызметкерлері Оқушылар сарайында өткен ата-аналардың жалпы жиналысына қатысты. Жиынға ата-аналар қауымдастығының 100-ден астам өкілі қатысты. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы қылмыс мәселесі негізгі тақырыптардың бірі болды.

    СҚО ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Сайран Саркенов жыл басынан бері облыста кәмелетке толмағандар жасаған 30 қылмыс тіркелгенін айтты. Оның 13-і жасөспірімдер бос уақытын өз бетінше көбірек өткізетін үш айлық каникул кезеңіне тиесілі.

    Оның айтуынша, қылмыстық істер санының артуына ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру сияқты әрекеттердің қылмыс санатына жатқызылуы да әсер етіп отыр. Кейбір жасөспірімдер жанжалды күш қолдану арқылы шешудің қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын толық түсіне бермейді.

    Сайран Саркенов интернеттің ықпалына да ерекше тоқталды. Тіркелген 30 қылмыстың 6-ы есірткіге, 4-еуі интернет-алаяқтыққа байланысты. Жасөспірімдер тыйым салынған заттар туралы және сот алдында жауап беруге әкелетін заңсыз «оңай ақша табу» тәсілдері туралы ақпаратты көбіне интернеттен табады.

    Полицейлер ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларына есірткінің заңсыз айналымына және алаяқтық схемаларға қатысудың құқықтық салдарын түсіндіруге, сондай-ақ олардың бос уақытын бақылауға шақырады. Баланы ұрыспай, тыңдау, түсінуге тырысу және көмек ұсыну – жасөспірімнің қылмыстық ортаға тартылуының алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі. Полицияның, отбасының және білім беру органдарының тығыз өзара іс-қимылы – «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асырудың маңызды шарттарының бірі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары