
Спорт – салауатты өмір салтының ғана емес, ұйымшылдық пен командалық рухтың да берік негізі. Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні қарсаңында Ақтөбе облысының Еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы мен аудандық мансап орталықтары арасында «ENBEK CUP — 2026» спорттық шарасы өтті.
Жарыстың басты мақсаты – әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты көтеру. Бұл күн спорттық бәсекемен қатар, әріптестердің өзара қолдауын арттырып, ортақ мақсат жолында жұмыла білетінін көрсеткен ерекше шараға айналды.
Биылғы додаға 14 команда қатысып, спорттың бірнеше түрінен бақ сынасты. Қатысушылар жеңіске деген жігерін ғана емес, ұйымшылдық пен бірлігін де көрсетті. Әрбір ойын командалық қолдаудың, табандылық пен өзара сенімнің айқын көрінісі болды.
Зияткерлік ойынды қажет ететін дойбы бәсекесінде жүлделі орындар:
🥇 І орын – Гүлжанат Ақбаева, Ырғыз ауданының мансап орталығы;
🥈 ІІ орын – Ләззат Абиляшева, Алға ауданының мансап орталығы;
🥉 ІІІ орын – Жанар Имағамбетова, Мұғалжар ауданының мансап орталығы.
Ұлттық зияткерлік ойын – тоғызқұмалақтан да қатысушылар өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделі орындарға таласты:
🥇 І орын – Мади Ильясов, Байғанин ауданының мансап орталығы;
🥈 ІІ орын – Нұрболат Жұмин, Ырғыз ауданының мансап орталығы;
🥉 ІІІ орын – Жаңыл Жұбанқанова, Мәртөк ауданының мансап орталығы.
Жылдамдықты, шапшаңдықты және командалық үйлесімділікті талап еткен эстафетада:
🥇 І орын – Мәртөк ауданының мансап орталығы;
🥈 І орын – Қобда ауданының мансап орталығы;
🥉 ІІІ орын – Еңбек мобильділігі орталығының құрамасы.
«ENBEK CUP — 2026» – спорттық бәсекемен қатар, әріптестік пен ұйымшылдықты нығайтқан тағылымды шара болды. Қатысушылар жеңіске деген жігері мен командалық рухын көрсетті.









