
Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Көкшетауда өткен «Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» тақырыбында мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірталасқа қатысты.
Сөз сайысына 9 аудан мен Көкшетау қаласынан 80-нен астам мемлекеттік қызметші жиналып, 25 команда өзара бақ сынады. Мемлекеттік қызметшілердің шешендік шеберлігі мен ұшқыр ойы таразыға түсетін тартысты дебаттың барысымен тілшіміз танысып қайтты.
Пікірсайыстың мақсаты жастардың сыбайлас жемқорлыққа тәуелді болмауы және қазіргі таңда қоғамда жасанды интеллект бойынша, цифрландыру жақсы дамыту мақсатында, тәжіребие алмасу мақсатында өткізілген болатын. Осындай пікір сайыстар әрі қарай жалғасын тапқанын қалаймыз.









