Қассалық тәртібінің жақсартуға және көлеңкелі экономиканы қысқартуға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру аясында, Мемлекеттік кірістер Комитеті мен Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық қолдауымен республикалық науқанның басталғаны хабарланады. «Business Go» цифрлық платформасының құрамдас бөлігі болып табылатын «Amian» сервисі арқылы автомобильдер мен құнды сыйлықтарды ұтысқа салу» атты бұл науқан салықтық тәртіп мәдениетін қалыптастыруға, бөлшек сауда секторындағы көлеңкелі экономика үлесін азайтуға, фискалдық чектерді беру мен алуды ынталандыруға, кәсіпкерлікті қолдауға және «Business Go» жобасы аясында цифрлық қызметтерді пайдалануды ілгерілетуге бағытталған. Науқан аясында сыйлықтар ұтысы өткізіледі.
Жүлде қоры барлығы 12 сыйлықтан тұрады: 6 автокөлік, 2 смартфон, 2 планшет және 2 ноутбук.
Ұтыс ойындары алты кезеңде өтеді:
2026 жылғы 1 желтоқсан — 2 смартфон;
2027 жылғы 1 қаңтар — 2 автокөлік;
2027 жылғы 1 ақпан — 2 планшет;
2027 жылғы 1 наурыз — 2 автокөлік;
2027 жылғы 1 сәуір — 2 ноутбук;
2027 жылғы 1 мамыр — 2 автокөлік.
Әр кезеңде екі жеңімпаз анықталады: біреуі — сатып алушылар арасынан, екіншісі — кәсіпкерлер арасынан. Жалпы алғанда, акция барысында 12 жеңімпаз (6 сатып алушы және 6 кәсіпкер) болады.
Жүлде қорын демеушілер мен ұйымдастырушы ұсынады.
Қалай қатысуға болады:
Қатысу үшін тұтынушыларға фискалдық чек алып, мына қадамдарды орындау жеткілікті:
1.Amian мобильді қосымшасында тіркеліп, тексеру (верификация) процесінен өту.
2.Акцияға қатысушы сауда нүктелерінің бірінен кемінде 1 000 теңгеге сауда жасау (қатысушы орындардың тізімін Amian қосымшасынан табуға болады).
3.Сауда жасалған сәттен бастап 24 сағат ішінде чектегі QR-кодты сканерлеу.
Тексерілген әрбір чек бір қатысу мүмкіндігін береді; күніне ең көбі үш чекті тіркеуге болады. Қатысу тегін.
Кәсіпкерлер «Business Go» платформасы арқылы «Amian Business» жүйесіне қосылған жағдайда қатыса алады. Олар әр кезеңде өз тұтынушыларына арналған маркетингтік акцияларды (мысалы, жеңілдіктер, сыйлықтар, кэшбэк немесе бонустар) іске қоса алады.
Акция 2027 жылдың 30 сәуіріне дейін жалғасады.
Ұтыс ойыны алты кезеңнен тұрады.
Әр кезеңде екі жеңімпаз анықталады: бір тұтынушы және бір кәсіпкер.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









