Сарыарқа жаңаруда: 30-дан астам қоғамдық кеңістік және 170-тен астам жаңартылған аула

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Сарыарқа жаңаруда: 30-дан астам қоғамдық кеңістік және 170-тен астам жаңартылған аула

    Сарыарқа ауданында кешенді абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Соңғы жылдары мұнда 30-дан астам қоғамдық кеңістік ашылып, 170-тен астам аулаға күрделі жөндеу жүргізілді.

    Тек 2026 жылдың өзінде 20 аула және 3 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Жұмыстар Агрогородок, Көктал-1 тұрғын алаптарында және Жеңіс даңғылында жүргізілді.

    Ірі жобалардың бірі – Республика даңғылынан Сарыарқа даңғылына дейінгі аралықтағы Кенесары көшесін реконструкциялау. Шамамен 20 мың шаршы метр аумақта жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы жаңартылып, кедергісіз орта қалыптастырылуда, жаңа жарықтандыру жүйелері мен қалалық жиһаздар орнатылып, демалыс аймақтары абаттандырылуда.

    Ауданды көгалдандыру жұмыстары да жалғасуда. Бүгінде 220-дан астам ағаш, 5,5 мыңнан астам бұта мен көпжылдық гүлдер отырғызылды.
    Сарыарқа ауданындағы аулаларды, көшелерді, скверлер мен қоғамдық кеңістіктерді жаңарту жұмыстары тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптастыру мақсатында жалғасуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары