
Сауда-саттықты ұйымдастырушы — Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігі (ұйым нөмірі: 992245220), мекенжайы: St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo, Norway — көлік құралын сату жөніндегі ашық аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды.
Сауда-саттық бағаны көтеру әдісімен өткізіледі.
Аукцион 20 қазанда сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша өтеді: St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo, Norway.
Сату объектісі (лот) туралы мәліметтер:
Жеңіл автокөлік
Маркасы мен моделі: Toyota Sienna XLE 3.5L
Шығарылған жылы: 2010
Тіркеу нөмірі: CD 51004
Түсі: қара
Жүрілген жолы: 221 730 км
Қозғалтқыш көлемі: 3 456 см³, бензин
Жалпы жағдайы: техникалық жарамды, пайдаланылған
Бастапқы бағасы: 10 000 еуро.
Кепілдік жарна — бастапқы бағаның 15%-ы: 1 500 еуро.
Аукционның бағаны көтеру қадамы — 5%: 500 еуро.
Қатысу шарттары және өтінім беру тәртібі
1.Аукционға өтінімді уақтылы берген және кепілдік жарнаны төлеген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
2.Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі Елшілігінің мына мекенжайы бойынша жазбаша түрде жүзеге асырылады: St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo, Norway.
3.Өтінімдерді қабылдау мерзімі: ағымдағы жылғы 19 қазанға дейін.
4.Аукцион жеңімпазы болып көлік құралы үшін ең жоғары баға ұсынған қатысушы танылады.
5.Аукцион жеңімпазының кепілдік жарнасы көлік құралының құнын төлеу есебіне есептеледі. Қалған қатысушылардың кепілдік жарналары аукцион аяқталғаннан кейін 15 жұмыс күні ішінде қайтарылады. Ақша қаражатын аударуға және қайтаруға байланысты банктік комиссиялар мен өзге де шығыстар қатысушыларға өтелмейді.
6.Аукционға қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
oбелгіленген нысандағы өтінім;
oжеке тұлғалар үшін — жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
oзаңды тұлғалар үшін — өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, сондай-ақ Норвегия Корольдігінің заңнамасына сәйкес заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуін және өкілдің өкілеттігін растайтын құжаттар;
oкепілдік жарнаның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесі.
7.Сауда-саттыққа қатысушылар кепілдік жарнаны төлемес және өтінім бермес бұрын осы хабарландырумен, шарт жобасымен мұқият танысуға және автокөліктің техникалық жай-күйін қарап шығуға міндетті. Қатысушылар автокөлікті қандай да бір жақсартуды, түзетуді немесе жөндеуді, сондай-ақ қандай да бір салықтар мен алымдардан және көлік құралын тіркеуді немесе меншік құқығын қайта ресімдеуге байланысты өзге де шығыстардан босатуды талап ете алмайды.
8.Егер аукцион жеңімпазы белгіленген мерзімде шарт талаптарын орындамаса, ол автокөлікті сатып алу құқығынан бас тартқан болып есептеледі және кепілдік жарнаны қоса алғанда, төленген барлық төлемдер қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны аударуға байланысты банктік комиссиялар сауда-саттыққа қатысушыларға қайтарылмайды. Сауда-саттық барысында сөз байласуға (bid rigging) және заңсыз араласудың кез келген өзге де нысандарына қатаң тыйым салынады.
Кепілдік жарнаны аударуға арналған банк деректемелері
Алушы: Embassy of the Republic of Kazakhstan in the Kingdom of Norway
Ұйым нөмірі: 992245220
Мекенжайы: St. Olavs gate 21B, 0165 Oslo
Банк: DNB BANK ASA
Мекенжайы: DNB, Postboks 1600 Sentrum, 0021 Oslo
IBAN (EUR): NO7812506046937
SWIFT: DNBANOKKXXX
Кепілдік жарнаны аударуға байланысты барлық банктік комиссияларды қатысушы төлейді.
Аукцион жеңімпазының міндеттері және автокөлікті беру
Ең жоғары баға ұсынған сатып алушы сауда-саттық аяқталғаннан кейін дереу Аукцион қорытындылары туралы хаттамаға қол қоюға міндетті.
Сатып алушы автокөліктің толық құнын (бұрын төленген кепілдік жарнаны шегере отырып) сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде аударуға міндетті.
Меншік құқығын қайта ресімдеуге, салықтарды (әкімшілік алымдарды), кедендік баждарды және автокөлікті сатып алуға байланысты өзге де төлемдерді төлеуге жұмсалатын барлық шығыстарды сатып алушы толық көлемде көтереді.
Көлік құралын қарап-тексеру және байланыс ақпараты
Автокөліктің техникалық жай-күйімен және құжаттарымен танысуға, сондай-ақ өтінім бланкісін алуға жұмыс күндері алдын ала келісу бойынша болады.
Анықтама телефондары: +47-22-42-06-40, +47-22-42-06-43
Электрондық пошта:[email protected],[email protected]







