
Күздің келуімен елордалық «Сарыарқа» ауданында ағымдағы жылдың абаттандыру жұмыстары өз мәресіне жетіп қалды. 2026 жылы аудан аумағында кең ауқымды жаңарту жүргізіліп, 22 аула аумағы абаттандырылды. Абаттандыру нәтижелері фото-карусельде ұсынылған.
Күрделі жөндеу барысында әртүрлі жастағы балаларға арналған ойын алаңдары, спорттық аймақтар мен демалыс бұрыштары салынды, қосымша жарық шамдары орнатылды. Барлық жобалар тұрғындардың пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленді.
Сонымен қатар, 237 ауланың аумағында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде, әткеншектер, сырғанақтар және өзге де шағын архитектуралық нысандарды жөндеу жұмыстары іске асты.







