
«Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария!» атты тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шара Ақшоқы ауылында жоғары деңгейде аталып өтті. Қария – халқымыздың қазынасы, өмірдің үлкен мектебінен өткен ақылман тұлға. Үлкенді сыйлау, олардың өнегелі сөзін тыңдау, батасын алу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі. Мерекелік шара барысында Шет ауданынан арнайы келген өнерпаз әншілер өздерінің әсем әндері мен жүрекке жылы тиетін өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем ән мен жарасымды әзіл, ақжарма тілектер мен жылы лебіздер мерекенің сәнін келтірді.
Ақшоқы мәдениет үйінде өткен бұл кеш үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің жарқын үлгісіне айналып, ауыл тұрғындарына ерекше әсер қалдырды. Осындай мәні терең, тәрбиелік тағылымы мол іс-шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптей беретіні сөзсіз. Барша ауылымыздың ардақты қарияларына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Ақ баталарыңыз бен ақыл-өнегелеріңіз әрдайым кейінгі ұрпаққа жол көрсетер шамшырақ болсын!









