КЕНТАУДА «DIGITAL KENTAU–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

    КЕНТАУДА «DIGITAL KENTAU–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

    КЕНТАУДА «DIGITAL KENTAU–2026» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФОРУМЫ АЯСЫНДА ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

    Бүгін Кентау қаласында цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және заманауи медиа бағыттарын қамтитын «DIGITAL KENTAU–2026» республикалық форумы өтті.
    Ауқымды іс-шараға елімізге танымал сарапшылар мен білікті спикерлер қатысып, цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдану, жаңа медиа мен заманауи контент өндірісін дамыту бағытында өз тәжірибелерімен бөлісті.
    Форум жұмысы қаланың Ынтымақ алаңында жалғасты. Іс-шара барысында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов қала тұрғындарын айтулы шарамен құттықтап, елімізде цифрландыруды дамыту, жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану және жаңа технологияларды енгізу бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
    «Бүгін Кентау үшін ерекше күн. Қаламызда цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, заманауи медиа және инновациялық шешімдер талқыланған ауқымды форум өтті. Бұл – Кентаудың өндірісті қала ғана емес, сонымен бірге жаңа технологиялар мен жаңа мүмкіндіктерге ұмтылған заманауи қала екенін көрсететін маңызды басқосу.
    Бүгінде жасанды интеллект пен цифрландыру – уақыт талабы. Бұл бағыттар мемлекеттік басқарудан бастап білімге, экономикаға, мәдениетке және күнделікті өмірімізге дейін үлкен өзгерістер әкелуде. Ал осы өзгерістердің басты қозғаушы күші – білімді, ізденімпаз, жаңашыл жастар.
    Сондықтан Кентаудың келешегін біз ең алдымен жас ұрпақтың білімімен, білігімен және жаңа идеяларымен байланыстырамыз», – деді қала әкімі.
    Сондай-ақ шара барысында мобилографтар арасында өткен байқаудың қорытындысы шығарылып, үздік деп танылған қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
    Кеште отандық өнер жұлдыздары Qarakesek және Еркін Маулен сахнада ән шырқап, Кентау тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.льшие изменения. А главная движущая сила этих изменений - образованная, начинающая, новаторская молодежь.
    Поэтому будущее Кентау мы связываем прежде всего с образованием, знаниями и новыми идеями молодого поколения", - сказал аким города.
    Также в ходе мероприятия были подведены итоги конкурса среди мобилографов и награждены лучшие участники по специальным номинациям.
    На сцене выступили звезды отечественного искусства Гаракесек и Еркин Маулен, которые подарили жителям и гостям Кентау хорошее настроение.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Кентау қаласы әкімдігінің аппараты" жаңалықтары