Құрметті ұлағатты ұстаздар!
Қадірлі сала ардагерлері!
Ұрпақ тәрбиесі жолында өлшеусіз қызмет етіп келе жатқан мұғалім еңбегінің орны да бөлек, дәрежесі де жоғары. Шәкірттерінің болашақтағы жетістіктері, табысы мен іскерлігі тікелей тәлімгеріне байланысты. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беру ісінде ұстаздың еңбегі орасан. Сондықтан да олар әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
«Ұстаздық – ұлық емес, ұлы қызмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз» деген қазақтың батыры Бауыржан Момышұлы айтқандай, білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына көрсетілер құрмет жыл өткен сайын арта бермек! Сіздердің бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті, жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Осындай жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы!
Осы орайда ел баласына білім беріп, тағылымды тәрбие дарытып келе жатқан баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызға, мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыстар тілеймін! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын! Тәуелсіз еліміздің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін баршаңызға шексіз алғыс білдіремін!
Ізгі ниетпен,
Серік Үсенұлы Мамытов
Жетісай ауданының әкімі









