Өскемен қаласының тұрғынымен жеке кездесу өткіздім.

    Өскемен қаласының тұрғынымен жеке кездесу өткіздім.

    Өскемен қаласының тұрғынымен жеке кездесу өткіздім.
    Кездесу барысында оның туысы тап болған қиын өмірлік жағдай туралы ақпарат алдым, өте ауыр жағдайда екені белгілі болды: ол жиырма жылға жуық уақыт бойы төсекке таңылған және оның Қазақстан Республикасының жеке куәлігі жоқ (қолында тек КСРО-ның ескі паспорты бар), соның салдарынан ол медициналық көмек ала алмай, жергілікті емханаға тіркеле алмай және тиісті зейнетақыны рәсімдей алмай отыр. Қазіргі уақытта оған туысы күтім жасайды.

    Р.S. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету – адам құқықтары жөніндегі институттың басты басымдығы.
    Өз өкілеттігі аясында Шығыс Қазақстан облысындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі бұл мәселені шешуге жәрдемдеседі.
    Азаматтықты анықтау рәсімін жүргізу және Қазақстан Республикасының жеке куәлігін сол жердің өзінде жедел ресімдеп беру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне (көші-қон қызметі) қызметкерлерден құралған мобильді топты азаматтың тұрғылықты жеріне жіберу туралы ұсыным жолдау жоспарлануда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шығыс Қазақстан облысы бойынша өкілі" жаңалықтары