Сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы Жангелдин аудандық мәслихатының хабарламасы
2026 жылғы 1 қазан
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі – Конституциялық заң) Жангелдин аудандық мәслихаты сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы хабарлайды.
Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссиясы құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заң талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Саяси партиялар, басқа қоғамдық бiрлестiктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және өзгеріс енгізіліп жатқанға қатысты жоғары сайлау комиссиялары 2026 жылдың 20 қазаны сағат 18.00 дейін мәслихатқа мына құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметті;
2) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдары (өкілдік) тиісті сайлау комиссиялары құрамына кандидатураларды ұсыну туралы жоғары тұрған сайлау комиссиясы шешімінен үзіндіні;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдікті) тіркеу туралы құжат көшірмесін;
4) Кандидаттардың белгіленген нысан бойынша тиісті сайлау комиссиялары жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштері.
Өтініш
Анықтама телефоны: 21-7-40. Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі 4, 41 каб.




