
Экология және табиғи ресурстар министрлігінде вице-министр Нұркен Шарбиевтің төрағалығымен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесудің негізгі тақырыбы — ағаш плиталарын өндіретін кешен құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру. Тараптар болашақ кәсіпорынды ағаш шикізатымен қамтамасыз ету және жобаны одан әрі жүзеге асыру мәселелерін қарастырды. Жеке назар қолда бар ресурстар есебінен орман-шикізат базасын қалыптастыруға аударылды. Кездесу қорытындысында инвестициялық жобаны іске асыру бойынша алдағы бірлескен қадамдар айқындалды.









