
Ақтөбе облысы бойынша
2026 жылғы қыркүйек айындажүргізілген
бақылау мақсатында өнімдерді
сатып алу нәтижелері
2026 жылғы қыркүйек айында өнімдердің қауіпсіздігі мен Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Бақылау мақсатында барлығы 63 өнім сынамасы сатып алынып, зертханалық зерттеулер жүргізілді. Оның ішінде:
- 11 сынама – отандық өндірушілердің өнімдері;
- 25 сынама – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері;
- 27 сынама – басқа мемлекеттерден әкелінген өнімдер.
Зерттеу нәтижесінде 63 сынаманың 8-і (12,7%) Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келмейтіні анықталды.
Бақылау мақсатында сатып алынған өнімдердің ішінде 44 тамақ өнімінің сынамасы зерттелді. Оның ішінде:
- 10 сынама – отандық өндірушілердің өнімдері;
- 14 сынама – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері;
- 20 сынама – басқа мемлекеттердің өнімдері.
Зерттеу нәтижесінде 2 тамақ өнімінің сынамасы (4,5%) техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеді. Сәйкессіздіктер таңбалау және қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша анықталды.
Атап айтқанда:
- «Апамның шәйі» түйіршіктелген қара шай, өндірушісі-«Шапағат2015» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Иманов көшесі, 50 ғимарат, 5. Өнім қауіпсіздік көрсеткіштері бойынша техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеді. Зерттеу барысында «сары күн батуы» (Е110) – 204,42 мг/кг, тартразин (Е102) – 151,25 мг/кг. тағамдық қоспалардың мөлшері анықталды:
- Нәрестелер мен жас балаларға арналған «Аскөк суы», өндірушісі- «КоролёвФарм» ЖШҚ, Ресей, Москва облысы, Королёв қаласы, Пионер көшесі, 4. Өнім таңбалау талаптары бойынша Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмеді.
2026 жылғы қыркүйек айында бақылау мақсатында 19 тамақ емес өнімнің сынамасы сатып алынып, зерттелді. Оның ішінде:
- 1 сынама – отандық өндірушілердің өнімі;
- 11 сынама – ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің өнімдері;
- 7 сынама – басқа мемлекеттерден әкелінген өнімдер.
Зерттеу нәтижесінде балалар мен жасөспірімдерге арналған киімдердің 6 сынамасы (31,5%) таңбалау талаптары бойынша Кеден одағының техникалық регламенттеріне сәйкес келмейтіні анықталды.
Бақылау мақсатында сатып алу нәтижесінде техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмеген өнімдерді сатылымнан алып тастау бойынша 3 жедел ден қою шарасын қолдану туралы қаулы қабылданды.
Қаулы негізінде 3,1 кг . тамақ өнімдері сатылымнан алынып тасталып, жеткізушіге кері қайтарылды .
Бақылау мақсатында өнімдерді сатып алу нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтар бойынша 2 тергеп-тексеру тағайындалды.









