
7 қазан күні Астанада «Саламатты мектеп: салауатты білім беру ортасын қалыптастырудағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл моделі» атты бірінші республикалық форум өтеді.
Іс-шараны ҚР ДСМ Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығы ҚР Денсаулық сақтау және Оқу-ағарту министрліктерінің қолдауымен ұйымдастырады.
Форумға Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Туризм және спорт, Мәдениет және ақпарат министрліктерінің, өңірлік білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, мектеп басшылары мен педагогтер, мектеп дәрігерлері мен медицина қызметкерлері, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО өкілдері, ғылыми және сарапшылық қоғамдастық қатысады.
Қатысушылар дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, психоэмоционалдық әл-ауқат, аурулардың алдын алу және санитариялық қауіпсіздік мәселелерін жекелеген профилактикалық іс-шаралармен шектемей, мектептің күнделікті ортасының ажырамас бөлігіне айналдыру жолдарын талқылайды.
Форум салауатты әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бойынша бірыңғай тәсілдерді келісуге, «Саламатты мектеп» бастамасын іске асыру нәтижелерін бағалауға және ұлттық әрі өңірлік деңгейлерде бірлескен жұмыстың одан арғы бағыттарын айқындауға арналған негізгі ведомствоаралық алаңға айналады.
Форум қорытындысы бойынша салауатты білім беру ортасын дамыту жөніндегі бірыңғай басқарушылық күн тәртібін қалыптастыру және ұлттық әрі өңірлік деңгейлердегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда.
Өтетін орны: Астана қаласы, «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19, C3.4 блогы.
Форум гибридті форматта өтеді.
Қатысушылар іс-шараға офлайн қатысып, сондай-ақ YouTube арнасы арқылы онлайн тамашалай алады.
Тіркелу үшін: https://forms.gle/BjCsjweD4sz1pzfb8
Форумға YouTube арнасы арқылы онлайн қатысу үшін: youtube.com/channel/UCA-caxp_ctOn_qid_HXleyQ?si=rpXgsALT0rC2mjiu
ZOOM платформасы арқылы қосылу үшін: https://us06web.zoom.us/j/89167433516?pwd=81fxI9B8Or16hisi6ZadKL95VuPqBy.1
БАҚ-ты аккредиттеу: Қазанғапова Зарема + 7 707 703 25 91








