TАР-БЛОКАДА: ОПЕРАЦИЯДАН КЕЙІНГІ АУЫРСЫНУДЫ БАСУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСІ

    Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында (АГПҒО) құрсақ қуысына жасалатын операциялардан кейінгі ауырсынуды басу үшін ТАР-блокада әдісін қоса алғанда, аймақтық анестезияның заманауи тәсілдері кеңінен енгізілуде, бұл әдіс операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға, күшті ауырсынуды басатын апиындық препараттарды қолдану қажеттілігін төмендетуге және пациенттердің ерте қозғалуына мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық бақылауды қолдану препаратты дәл енгізуге және ықтимал қауіптерді азайтуды қамтамасыз етеді.

    ТАР-блокада кезінде жергілікті жансыздандыратын дәрі ішкі қиғаш және көлденең құрсақ бұлшықеттерінің арасындағы кеңістікке енгізіледі. Бұл құрсақ қабырғасындағы ауырсынуды сезетін нерв тармақтарына әсер етуге мүмкіндік береді. Ультрадыбыстық бақылау дәрігерге қажетті анатомиялық құрылымдарды анық көріп, препараттың таралуын бақылауға жағдай жасайды.

    Ұсынылған ғылыми әдебиеттерге, соның ішінде рандомизацияланған зерттеулер мен мета-талдауларға жасалған шолуларға сәйкес, ТАР-блокада операциядан кейінгі ауырсынуды және апиындық ауырсынуды басатын дәрілерге қажеттілікті азайтуы мүмкін. Әсіресе бұл әдісті апиындық емес негізгі ауырсынуды басатын дәрілермен бірге қолдану тиімді.

    Орталық мамандарының айтуынша, бұл әдіс әр пациентке жеке таңдалады. Ол жасалған операцияның түріне, пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай және клиникалық хаттамаларға сәйкес қолданылады.

    АГПҒО-да осындай заманауи әдістерді енгізу медициналық көмекті пациенттің қажеттілігіне бағыттауға және операциядан кейінгі қалпына келу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары