🩺 САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    🩺 САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    🩺 САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ЖҰМЫСКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

    25 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы «Шығармашылық академиясында» санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

    Мерекелік шараға мемлекеттік органдардың, денсаулық сақтау ұйымдарының, кәсіподақтардың, серіктес ұйымдардың өкілдері, сала ардагерлері мен санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қатысты.

    Салтанатты жиында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету жолында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби еңбегі атап өтіліп, бірқатар қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің, Ақтөбе облысы әкімдігінің және салалық ұйымдардың марапаттары табысталды.

    Сондай-ақ сала ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, ұрпақтар сабақтастығы мен көпжылдық кәсіби еңбектің маңызы айрықша аталып өтті.

    Мерекелік кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

    Шара барысында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Көңілді мәре» спорттық сайысының ауыспалы кубогі биылғы жеңімпаз – «Ұлттық сараптама орталығы» Ақтөбе облысы бойынша филиалының командасына табысталды. Келесі жарыс Қобда ауданында өтеді.

    Бұл күн – халық денсаулығын қорғау жолында күн сайын жауапкершілікпен еңбек етіп жүрген барша мамандарға деген құрметтің белгісі.

    Барша санитариялық-эпидемиологиялық қызмет жұмыскерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

    Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, қызметтеріңізге толағай табыс тілейміз! 🩺
    орысшаға

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары