
2026 жылдың 30 қыркүйегі күні Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің коммуналдық объектілерді бақылау бөлімінің басшысы Сербаева Н.К. және бас маманы Жұбатова А.Т. ұйымдастыру бағытындағы іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында қалалық және аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары басшылары мен коммуналдық объектілерге бақылау жүргізетін мамандары қатысуымен семинар өткізді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 сәуірдегі №62 бұйрығымен бекітілген «Өндірістік бақылауды жүзеге асыруға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидасы және өзге де қолданыстағы санитариялық ережелерге сәйкес негізгі талаптар түсіндірілді.
Сонымен қатар, өндірістік бақылауды ұйымдастыру, жүргізу және нәтижелері туралы ақпаратты ұсыну тәртібі туралы талқыланды.









