
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Ақтөбе қаласында жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерді тікелей байланыстыруға бағытталған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеп жүрген азаматтарға қолжетімді бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру, жұмысқа орналасуға мүмкіндік жасау және жұмыс берушілердің қажетті кадрларды іріктеуіне қолдау көрсету.
Жәрмеңке барысында қатысушылар жұмыс берушілер ұсынған бос жұмыс орындарымен танысып, еңбек жағдайлары, қызметтік міндеттер және жұмысқа орналасу талаптары бойынша толық ақпарат алды. Сонымен қатар, азаматтарға жұмысқа орналасу мәселелері бойынша кеңестер беріліп, жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік жасалды.
Іс-шараға түрлі саладағы жұмыс берушілер мен жұмыс іздеуші азаматтар қатысып, өзара тиімді ұсыныстар қарастырылды. Жұмыс берушілер тарапынан ұсынылған бос жұмыс орындары бойынша үміткерлердің кандидатуралары қабылданып, жұмысқа орналасу бағытында тиісті жұмыстар жүргізілді.
Мұндай жәрмеңкелер еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты ұштастырып, азаматтардың тұрақты жұмысқа орналасуына мүмкіндік беретін тиімді алаң болып табылады.
**Ақтөбе облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығының Ақтөбе қаласының мансап орталығы** алдағы уақытта да жұмыс іздеушілерге қолдау көрсету және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.
орысшаға









