30 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

    30 ҚЫРКҮЙЕК – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

    Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Алматы облысы Әділет департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында Алматы облысы Әділет департаментінің басшысы Жанболат Самашев құттықтау сөз сөйлеп, әділет органдары қызметкерлерінің қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайтудағы, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы және заңдылық қағидаттарын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Салтанатты жиында қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарып, жұмыста жоғары нәтижелер көрсеткен бірқатар қызметкерлерге грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Әділет органдарының қызметі – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған маңызды мемлекеттік қызмет салаларының бірі. Әділет саласының жұмысы азаматтарға күнделікті өмірде қажетті көптеген құқықтық қызметтерді алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтарын қорғау, заңды тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атқарушылық іс жүргізу саласын реттеу, құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу және халыққа заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыттарында маңызды жұмыстар атқарылады. Әділет – заң үстемдігін қамтамасыз ететін, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық байланысты нығайтатын маңызды институт. Оның басты мақсаты – қоғамда заңға құрмет қалыптастыру, әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуына жағдай жасау. Барша әріптестерімізді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Әділет – заң мен тәртіптің берік негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Әділет департаменті" жаңалықтары