
Астананың Есіл ауданында «Таза Қазақстан» эко-айлығы аясындағы төртінші аптаның тазалық жұмысы өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгінгі тазалық жұмысы барысында аудан аумағына 300-ден астам ағаш және 500-ден астам бұта отырғызылып, қоғамдық кеңістіктер мен аулалар қоқыстан тазартылып жатыр.
Экологиялық іс-шараға шағын және орта бизнес нысандарының өкілдері, білім және спорт ұйымдары, мемлекеттік мекемелер мен ұлттық компаниялар, пәтер иелері кооперативтері мен мүлік иелері бірлестіктері, коммуналдық қызмет мамандары және аудан тұрғындары белсенді қатысуда.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge @TazaQazaqstan








