
Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Халықаралық қарттар күніне орай жылы әрі тағылымды кездесу өтті.
ДУИС-тің жеке құрамы қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлерін мерекемен құттықтап, оларға көп жылғы адал еңбегі, қызметке деген беріктігі және жүйенің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыстарын білдірді.
Алматы қаласы бойынша ДУИС «Ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Манас Тұяқбаев Кеңес мүшелерін құттықтап, ардагерлерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.
ДУИС бастығы Ерлан Узаков ардагерлерге алғыс хаттар табыстап, олардың еңбегін жоғары бағалап, қызметтік дәстүрлерді қалыптастыруға қосқан үлестерін атап өтті.
Ардагерлер – біздің тарихымыз, тәжірибеміз және жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегеміз. Аға буынға құрмет көрсету және ұрпақтар сабақтастығын сақтау – қызметіміздің маңызды дәстүрлерінің бірі.
Барша ардагерлерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, отбасылық береке және ұзақ ғұмыр тілейміз!









