
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы алаңында энергетика, жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы халықаралық ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған үш құжатқа қол қойылды.
Энергетика министрлігі отын-энергетика кешенінің ғылыми-технологиялық әлеуетін жүйелі түрде дамытып, инновациялар, цифрландыру және озық технологияларды енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Бұл жұмыста Технологиялық салалық құзырет орталығы (СТҚО) маңызды рөл атқарады.
Осы жұмыс аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында Қытайдың жетекші ғылыми және технологиялық серіктестерімен бірлескен R&D орталықтарын құру жөніндегі бастамалар іске асырылуда.
Power China Chengdu Engineering Corporation Limited компаниясымен баламалы және жаңартылатын энергетика саласында бірлескен R&D орталығын құру көзделген. Оның қызметі қолданбалы зерттеулер жүргізуге, инновациялық энергетикалық технологияларды әзірлеуге және енгізуге, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға және білікті мамандар даярлауға бағытталады.
Fudan University университетімен бірлесіп ҚазҰУ базасында қолданбалы жасанды интеллект бойынша Қазақстан-Қытай R&D орталығын құру жоспарлануда. Орталық Қазақстан экономикасының негізгі салаларында, оның ішінде энергетика, өнеркәсіп, мұнай-газ секторы мен көлік саласында AI-шешімдерді әзірлеуге, бейімдеуге, сынақтан өткізуге және практикалық енгізуге бағытталады.
Dominor Partners Limited ғылыми әзірлемелерді экономиканың практикалық міндеттерімен байланыстыратын стратегиялық индустриялық серіктес ретінде қатысады.
Shenzhen EAGET Innovation Technology Co., Ltd. компаниясымен цифрлық деректерді сақтау технологиялары саласында бірлескен R&D орталығын құру көзделген.
Ынтымақтастық қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуге, деректерді сақтау технологияларын әзірлеуге және енгізуге, бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға және заманауи цифрлық инфрақұрылым саласындағы құзыреттерді дамытуға бағытталады.
Энергетика министрлігі энергетика саласындағы аталған бастамаларды дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіріп, ғылыми қоғамдастықпен, халықаралық технологиялық серіктестермен және салалық ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. СТҚО салалық технологиялық кооперацияны қамтамасыз етіп, қолданбалы шешімдерді одан әрі пилоттық сынақтан өткізуге және енгізуге ықпал етеді.
Бастамаларды іске асыру отандық ғылыми-технологиялық әлеуетті дамытуға, озық технологиялар трансферіне, жоғары білікті кадрлар даярлауға және Қазақстанның отын-энергетика кешеніне инновациялық шешімдерді практикалық енгізу үшін жағдай жасауға бағытталған.









