ӨМІРІ - ӨНЕГЕ: ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІНІҢ АҢЫЗ АДАМЫ ТӘНІРБЕРГЕН ТОЛҒАНБАЕВТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

    ӨМІРІ - ӨНЕГЕ: ҚҰҚЫҚ ТӘРТІБІНІҢ АҢЫЗ АДАМЫ ТӘНІРБЕРГЕН ТОЛҒАНБАЕВТЫ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

    Қарттар күніне орай Алматы облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ұлан Садықов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі Тәнірберген Толғанбаевты құттықтады.

    Биыл ардагер 103 жасқа толды. Ол 20 жылдан астам уақытын ішкі істер органдарындағы қызметке арнап, жедел уәкілден Жамбыл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына дейінгі қызмет жолынан өтті.

    Тәнірберген Толғанбаев қызмет жылдарында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге және қылмысқа қарсы күреске елеулі үлес қосты. Оған Жамбыл, Ақсу және Іле аудандарының Құрметті азаматы атағы берілген.

    Ұлан Садықов ардагерге ІІМ басшылығының атынан жылы лебізін жеткізіп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасылық амандық және жақындарының қамқорлығын тіледі.

    Тәнірберген Толғанбаевтың өмір жолы - ерліктің, Отанға және қызметтік борышқа адалдықтың жарқын үлгісі.18:10

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы облысының Полиция департаменті" жаңалықтары